Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Адалдық сағаты»

Автор: admin от 17-01-2020, 22:58, посмотрело: 2

0 №8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінде 17 қаңтар күні өткізілген «Адалдық сағаты» бойынша анықтама

Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеуге үлес қосу жастар үшін маңыздылығы туралы айтып беру үшін Қарасу ауылдық округінің әкімі К.Е.Айтпаев, ауыл ақсақалы Б.Момаханов, жеке кәсіпкер Аскаров Б.С. «Адалдық сағатына» шақырылды. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алып отырды.
Барлық сыныптарда Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттауды және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ бәсекеге қабілетті, саналы, экономикасы дамыған парасатты мықты мемлекет болуды басты мақсатқа ала отырып сынып сағаттары жүргізілді.
«Адалдық сағаты»
«Адалдық сағаты»
«Адалдық сағаты»
«Адалдық сағаты»

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

"Ұлы даланың жеті қыры"

Автор: admin от 16-01-2020, 22:27, посмотрело: 4

0 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқушылар арасында талдау, ел тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында мектебімізде сыныптан тыс іс-шара өтті.
"Ұлы даланың жеті қыры"
"Ұлы даланың жеті қыры"
"Ұлы даланың жеті қыры"
"Ұлы даланың жеті қыры"

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
 
 

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ

Автор: admin от 25-10-2019, 02:45, посмотрело: 73

0 Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар- Рухани Жаңғыру" бағдарламасы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында өткізілген Ұлы дала тұлғалары Өтеген батыр бабамыздың 320 жылдық мерейтойына арналған конференция ұйымдастырылды. Конференцияға арнайы қонақтар келді Алматы облысы Іле ауданының №24 лицей директоры Ерубаева Гульжан Жубаевна және осы лицейдің педұжым өкілдерімен оқушылары.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Мұғалімдер күні

Автор: admin от 2-10-2019, 22:02, посмотрело: 99

0 Тұрғазы Мұқашұлы Әмірғалиев, 1949 жылы тамыз айының 10 жұлдызында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң қазақ – ұйғыр автономиялық өлкесінде,Жалши деген жерде дүниеге келді.
Әке – шешесі 1962 жылы туған жері, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,Өйшілік ауылына сағынышпен оралған.
Тұрғазы Мұқашұлы Әмірғалиев сол жылы Өйшілік ауылындағы Комсомол орта мектебінің 5 – сыныбына қабылданып, 1968 жылы мектепті бітіріп, орта білім туралы аттестат алды. Мектеп бітірісімен,1968 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1972 жылы аяқтады. « 5- 11 – сыныптардың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алып шықты.
Тұрғазы Мұқашұлы Әмірғалиевке сол кездегі Семей облыстық білім басқармасы ең шалғай ауданы Шұбартау ауданына жолдама берілді.
1972-73 жылдары аудандағы алыс елді мекен «Жорға» совхозының мектебінде алғашқы еңбек жолын бастады.
1973-74 жылы аудандық әскери комиссариаттың шақыруымен бір жыл армия қатарына барып келген.
1974-75 оқу жылынан бастап «Көктал» совхозы, Мәдениет ауылы, сол кездегі Орджоникидзе атындағы орта мектепте мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып істеді. Мұғалім бола жүріп, облыстық « Семей таңы»,аудандық «Шұбартау шұғыласы» газеттерінде штаттан тыс тілші болған. Мәдениет ауылдық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, ауылдық «Халық театрын» ұйымдастырушы қоғамдық жұмыстарын атқарған.
1987 жылдан 1991 жылға дейін Шұбартау аудандық кеңесінің депутаты болып сайланған.
1991 жылы отбасы жағдайымен Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Өтеген ауылына көшіп келген. 1991-2013 жылдар аралығында Өтеген ауылындағы № 8 Өтеген орта мектебінде мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Тұрғазы Мұқашұлы мектепте 1991-2004 жылдары басшылық қызмет атқара отырып, педагогикалық ұжымның әдістемелік қызметін арттыруға көп ықпал ете білді.
2013 жылға дейін осы мектепте пән мұғалімі ретінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған көптеген жұмыстар атқарды. Мектепте қазақ тілін тереңдетіп оқытудың бағдарламасын жасап, оқушылардың сауатты ұрпақ болып қалыптасуына өз үлесін қосты. Сондай-ақ «Шешендік өнер» факультативтік курсын жүргізе отырып,оқушылардың топ ішінде өз ойларын еркін айтуға, көзқарасын дәлелдей білуге баулыды. Оқушыларды өлең құрау , ақындық өнерге қызықтыра білді.Оқушыларды ақындық өнерге баулуда мұғалім өзінің білімі мен жазу өнерін пайдаланды. Өзінің және шәкірттерінің өлеңдері, мақала, рецензиялары аудандық, облыстық баспасөзде жиі жарияланды. «Халық тәлімі» газеті ұйымдастырған мұғалімдер арасындағы мүшайрада жүлделі ІІІ орын иеленді.
Ауданның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің арасында да мазмұнды баяндамалар жасай отырып, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп отыратын.
Шәкірттерінің арасынан тіл маманы және журналист мамандар да шықты.


Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«Тәуелсіз елдің балалары»

Автор: admin от 1-06-2018, 00:00, посмотрело: 317

2 1-маусым дүние жүзілік балаларды қорғау күніне орай «Тәуелсіз елдің балалары» атты мерекелік іс-шара  өткізілді.  Тәлімгер Г.Нұрмаханбетованың ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары парадқа жүрді. 4 «а»-сынып оқушылары «Біз біргеміз», 4 «ә»-сыныбының қыздары «Біз бақытты баламыз» тақырыбында флешмоб, 3-сынып оқушысы Әлік Айша, Сунеттола Эльзира әсем би билесе, 1-сынып оқушы Сейіт Асылай «Ұстазым» әнін орындады. Оқушылар  «Бақытты балалық шақ» тақырыбында асфальтқа сурет  салды. Бүлдіршіндерді мектеп директоры Қарлығаш Қанатбекқызы құттықтады. Ауылдық  мәдениет  үйінің меңгерушісі  Г.Серікбаева оқушыларға балмұздақ таратты. 

«Тәуелсіз елдің балалары»

«Тәуелсіз елдің балалары»

 

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Алғыс айту

Автор: admin от 1-03-2018, 10:41, посмотрело: 809

93
Алғыс айту

Категория: Мерекелік іс-шаралар