Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

мектеп тарихы

Автор: admin от 25-02-2019, 19:57, посмотрело: 188

18 № 8 Өтеген атындағы орта мектебінің тарихы
1918 жылы Бітебай қыстауында (қазіргі Өтеген ауылының маңында) Жаужүрек Қаражанов киіз үйде ауыл балаларын оқытты.
1924 жылы сауатсыздықты жою саясаты бойынша Кеңес өкіметі ауылға мектеп ашуға қаражат бөліп, 1925 жылы ауылдың орта тұсында үш бөлмелі үй салып, оны мектеп ретінде пайдалануға береді. Осы мектептің салынуына басшылық жасаған, жанашыр болып жүрген Жаужүрек Қаражанов директор болып сайланады. Ол кісі 1939 жылға дейін мектепті басқарады.
1939 - 1941 жылдары мектеп директорлығы қызметін Сейтқұл Бекбатыров атқарған.
1941-1945 жыл аралығында Алматыдан жолдамамен Мұхит есімді азамат келіп , мектеп директоры болған.
1945-1948 жыл аралығында мектепті Тұрысбай есімді азамат басқарған.
1948 – 1949 Алматыдан келген Нарын Орынбаев директор болған.
1949-1957 жылдары мектепті Әлімжан Әбдіраймов басқарады. Ауылда балалар саны көбейе бастағандықтан мектеп кеңейтіліп, қосымша бөлмелер қосылады. Сол жылы мектеп 7 жылдық мектеп болып қайта ашылады. Мектепте орыс-қазақ сыныптары болды.
1957 жылы 8 жылдық мектепке көшіп, орыс сыныптар көрші ауылға көшіріліп, таза қазақ мектеп ретінде оқытылады. 1957-1968 жылдары аралығында мектепті Жақып Әбдіраймов және Құттыбек Құрмановтар басқарған ( Нақты жылдары белгісіз).


1968-1977 жылдары мектеп директоры болып Әлхан Уалиев жұмыс атқарған.



1977- 1979 жылдары Сарбұлақ ауылының тұрғыны Османжан Ибраимов директор болған.



1979-1988 жылдары ауыл азаматы Баеков Сейт директор болған.



1988-1990 жылдары ауыл азаматшасы Гүлжихан Акшемирова директорлық қызмет атқарған .

1990 жылы мектебімізге бабамыз Өтегеннің аты берілді.


1990-2002 жылдары ауыл азаматы
Кемелбек Серікбаев директор болған.



2002- 2007 жылдары ауыл азаматшасы Тайтиева Жайна Жұманқызы директорлық қызмет атқарды.






2007 -2018 жылдары Қыпшақбаева Қарлығаш Қанатбекқызы директорлық қызмет атқарды







Категория: Мектеп тарихы