» Материалы за Январь 2020 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Мектеп көшбасшысы- 2020» интеллектуалды сайыс

Автор: admin от 17-01-2020, 23:07, посмотрело: 48

0 Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында білім алушының интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын қалыптастыру мақсатында №8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінде «Мектеп көшбасшысы- 2020» интеллектуалды сайыс өтті.
«Мектеп көшбасшысы- 2020» интеллектуалды сайыс
«Мектеп көшбасшысы- 2020» интеллектуалды сайыс
«Мектеп көшбасшысы- 2020» интеллектуалды сайыс
«Мектеп көшбасшысы- 2020» интеллектуалды сайыс

Категория: Оқушылар жетістіктері

 

«Адалдық сағаты»

Автор: admin от 17-01-2020, 22:58, посмотрело: 2

0 №8 Өтеген батыр атындағы орта мектебінде 17 қаңтар күні өткізілген «Адалдық сағаты» бойынша анықтама

Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеуге үлес қосу жастар үшін маңыздылығы туралы айтып беру үшін Қарасу ауылдық округінің әкімі К.Е.Айтпаев, ауыл ақсақалы Б.Момаханов, жеке кәсіпкер Аскаров Б.С. «Адалдық сағатына» шақырылды. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алып отырды.
Барлық сыныптарда Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттауды және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ бәсекеге қабілетті, саналы, экономикасы дамыған парасатты мықты мемлекет болуды басты мақсатқа ала отырып сынып сағаттары жүргізілді.
«Адалдық сағаты»
«Адалдық сағаты»
«Адалдық сағаты»
«Адалдық сағаты»

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

"Ұлы даланың жеті қыры"

Автор: admin от 16-01-2020, 22:27, посмотрело: 4

0 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқушылар арасында талдау, ел тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында мектебімізде сыныптан тыс іс-шара өтті.
"Ұлы даланың жеті қыры"
"Ұлы даланың жеті қыры"
"Ұлы даланың жеті қыры"
"Ұлы даланың жеті қыры"

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Қамқоршылық кеңес отырысы

Автор: admin от 15-01-2020, 03:50, посмотрело: 72

0 2019-2020 оқу жылындағы мектеп директорының
қамқоршылық кеңесі алдындағы жартыжылдық есебі

Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзіреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасында ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновациямен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.
Ағымдағы оқу жылының алғащқы жарты жылында мектебімізде барлығы 26 мұғалім, оның ішінде 2 мұғалім қосалқы жұмыс атқарды. Олар №7 А.Пушкин атындағы орта мектептен келіп сабақ беретін ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Каратаева, химия пәні мұғалімі Н.Алламбергенова. 200 оқушыға білім мен тәрбие беріп, мектептің оқу үдерісін бағдарламаға сай жүзеге асыруда. 26 мұғалімнің 24 сы жоғары білімді, 2-і арнаулы орта білімді. Барлық сыныптар оқытудың жаңартылған білім мазмұнына көшірілді, ескі бағдарламамен оқытылатын 11 сынып биылғы оқу жылында бізде жоқ. Аптасына 5 күндік оқу жүйесімен 2 ауысымда оқытылуда. Мектеп тізіміндегі 3 оқушы денсаулықтарына байланысты үйде жеке тегін оқумен қамтамасыз етілген.
Биылғы оқу жылында 1, 10 сынып оқушыларын мектепке EDUSCHOOL сайты бойынша қабылданды.
Бірінші жартыжылдықты 26 оқушы озат, екпінділер саны 89 құрап, 100% үлгерім 62% сапамен аяқтады.
Былтырғы 2018-2019 оқу жылында «Балауса» сауықтыру лагеріне 19 оқушы барды. Оның 4-не кәсіподақтан жолдама берілді. Шымкентке «Тау-Самал» лагеріне жазда Нұрлан Дина барып қайтты. Осы оқу жылында І-тоқсан кезінде осы аталған лагерге 8-сынып оқушысы Нури Нұрбол барды.
Аудан әкімінің шыршасына мектептің 3 оқушысы барып, көңілді шыршаның куәгері болып қайтты. Олар: 5-сынып оқушысы Мырзахан Ерсұлтан, 6 а сынып оқушысы Шарзиман Сабина, 7 сынып оқушысы Спан Бақберген.
Ұстаздар арасында да шығармашылықтарын шыңдап, білімдерін толықтырып қашықтық олимпиадалары мен конкурстарға қатысып еңбектері еленіп түрлі дипломдар мен сертификаттарға ие болып отырғандар бар.Атап айтсақ технология пәні мұғалімі Г.Букибаева, бастауыш сынып мұғалімдері Г.Оспаналиева, Г.Нурмаханбетова, Ж.Мамыркулова, Р.Сулеймановалар Республикалық ғылыми-әдістемелік ұстаздар сайтында авторлық материалдар жариялап әртүрлі дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сондай ақ технология пәні мұғалімі Г.Букибаева, бастауыш сынып мұғалімі Г.Оспаналиева CLEVER Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
NIO Республикалық ұлттық интернет олимпиадасына бастауыш сынып мұғалімдері Г.Оспаналиева, Г.Нурмаханбетова қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақ тілі пәні мұғалімі А.Касенованың М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы тақырыбында сабағы және физика пәні мұғалімі Г.Джангазиеваның «Қысым» тақырыбындағы сабағы Республикалық педагогикалық «BILIM KZ» журналында жарияланды.
Мектеп психологы Э. Кереева, бастауыш сынып мұғалімі Ж.Мамыркулова, дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Исібай, бастауыш сынып мұғалімі Р.Сулейманова, АӘД пәні мұғалімі Б.Баеков, биология пәні мұғалімі К.Кожанбердиева «Қазақ елі мәңгілік ел» Республикалық басылымында мақалалары жарияланды
Жас маман А.Айдарбек Республикалық Qaztest.kz желілік басылымында публикация жариялады, «Қазақстан ұстаздары» қоғамы ұйымдастырған «Дене шынықтыру пәні» қашықтық олимпиадасына қатысты. Ziatker.kz порталында белсенділігі үшін құрмет грамотасымен марапатталған.
Информатика пәні мұғалімі А.Ахмет «Робототехника және 3D модельдеу» курсынан өту барысында «РОБОСУМО», «ARDUINO» бағыттары бойынша өткізілген сайыста жүлделі орынға ие болды.
Тарих пәні мұғалімі Қ.Әбдікәрімова аудандық білім бөлімі тарих пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырған «Ата бабам армандаған - тәуелсіздік» бейнесабақтар топтамасы байқауында жүлделі І орын алды.
Тамыз кеңесінде ағылшын тілі пәні мұғалімі К.Садабаева, тарих пәні мұғалімі Е,Ибышева аудандық білім бөлімінен марапатталса, жаңа жыл қарсаңында А.Турлымбекова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Білім жетілдіру курсына барғанджар информатика пәні мұғалімі А.Ахмет 19.02-23.11.2019 жыл аралығында болды. Физика пәні мұғалімі Г.Джангазиева 23.08-26.08.2019 жыл аралығында, Ж.Баймаханбетова 18-22.11.2019 жыл аралығында айлығы сақтала отырып курстан өтті. Барлық курстан өткен мұғалімдердің орнына сабақ берген мұғалімдерге еңбекақылары толық төленді.
Chon-Sary-Oy, Kyrgyzstan "Real of Kyrgyzstan” халықаралық жарысында Замадун Нұрсәт ІІ орын, Керімбай Нұрназар мен Серік Жалғас ІІІ орын алып марапатталды, Алматы қаласы Жау жүрек клубының ұйымдастырумен республикалық жекпе-жек жарысынан Оразбек Бейбарс, Болат Алмат, Маратұлы Алижан Іорын алса, Замадун Нұрсәт, Оразбек Темірлан, Алиахмет Нұрдулығат ІІ орын иеленді, бұл жас маман Айдарбек Абайдың еңбегінің жемісі.
Қазақстан тарихы пәнінен Qaztect.kz сайтына қашықтық олимпиадаға қатысқан 6 ә сынып оқушылары Мырзахан Аяжан мен Абдыбаетова Айтолқын ІІ дәрежелі дипломмен, 6 ә сынып оқушысы Сағындық Аяжан мен 10 сынып оқушысы Рахат Фариза ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 9 сынып оқушысы Тоқталы Айдай құқық пәнінен аудандық олимпиададан ІІ орын иеленді.
Ағымдық жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы көлемі 195 000 теңге.
Спонсорлық көмек көрсеткендер:
40 жыл бұрынғы түлектер – 60 000 теңгеге компьютер
20 жыл бұрынғы түлектер – 100 000 теңгеге І-ғимаратқа есік
Мектеп бітіруші түлектер – 57 000 теңгеге кіим ілгіш жиһаз
Ата-аналар – 70 000 теңгеге ІІ-ғимараттың 3-кабинетіне пластикалық терезе
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы – 24 000 теңгеге насос
Анарқұловтар әулеті – 500 000 теңгеге І-ғимараттың 3- кабиентін күрделі жөндеуден өткізді .

13.03.2019 жылы Молдабеков Мақсат Саматович аула сыпырушы болып жұмысқа қабылданды. 06.09.2019 жылы Тұрғынбай Нұрзат Несіпбайұлы дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданып, еңбек шарты түзілді. Қазіргі күні ішкі тәртіп ережесіне сай жұмыс істеуде. Тұрғынбай Нұрзатқа тәлімгер болып Ербол Исібай бекітілген.

Қамқоршылық кеңес отырысы

 

Қамқоршылық кеңес отырысы

 

Қамқоршылық кеңес отырысы

 

Қамқоршылық кеңес отырысы

 

Категория: Жаңалық

 

Қамқоршылық кеңесінің жиналысы

Автор: admin от 11-01-2020, 04:33, посмотрело: 62

0 Хабарландыру

Қамқоршылық кеңесінің жиналысы 15 – қаңтар күні сағат 14.00 де өткізіледі

Категория: Мектеп әкімшілігі

 

"Парасатты отбасы"

Автор: admin от 11-01-2020, 04:25, посмотрело: 9

0 Қордай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Парасатты отбасы» байқауына мектептен 2 сынып оқушысы Дабыр Аяланың ата-анасы Кызгараевтар отбасы қатысты. Бұл отбасы аймақты кезеңнен 2-ші орынға ие болып, аудандық кезеңге жолдама алды. Ол жақтан Дабыр Аяла өз өнерін ортаға салып үздік көркем сөз оқығаны үшін марапатпен марапатталды. Қызғараевтар отбасына Алғыс хат және бағалы сыйлық табысталды.

Категория: Оқушылар жетістіктері

 

"Оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыру"

Автор: admin от 8-01-2020, 21:13, посмотрело: 15

0 "Оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында коучинг өткізілді
"Оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыру"
"Оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыру"

Категория: Мектеп әкімшілігі