» Материалы за Октябрь 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ

Автор: admin от 25-10-2019, 02:45, посмотрело: 27

0 Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар- Рухани Жаңғыру" бағдарламасы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында өткізілген Ұлы дала тұлғалары Өтеген батыр бабамыздың 320 жылдық мерейтойына арналған конференция ұйымдастырылды. Конференцияға арнайы қонақтар келді Алматы облысы Іле ауданының №24 лицей директоры Ерубаева Гульжан Жубаевна және осы лицейдің педұжым өкілдерімен оқушылары.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Мұғалімдер күні

Автор: admin от 2-10-2019, 22:02, посмотрело: 57

0 Тұрғазы Мұқашұлы Әмірғалиев, 1949 жылы тамыз айының 10 жұлдызында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң қазақ – ұйғыр автономиялық өлкесінде,Жалши деген жерде дүниеге келді.
Әке – шешесі 1962 жылы туған жері, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,Өйшілік ауылына сағынышпен оралған.
Тұрғазы Мұқашұлы Әмірғалиев сол жылы Өйшілік ауылындағы Комсомол орта мектебінің 5 – сыныбына қабылданып, 1968 жылы мектепті бітіріп, орта білім туралы аттестат алды. Мектеп бітірісімен,1968 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1972 жылы аяқтады. « 5- 11 – сыныптардың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алып шықты.
Тұрғазы Мұқашұлы Әмірғалиевке сол кездегі Семей облыстық білім басқармасы ең шалғай ауданы Шұбартау ауданына жолдама берілді.
1972-73 жылдары аудандағы алыс елді мекен «Жорға» совхозының мектебінде алғашқы еңбек жолын бастады.
1973-74 жылы аудандық әскери комиссариаттың шақыруымен бір жыл армия қатарына барып келген.
1974-75 оқу жылынан бастап «Көктал» совхозы, Мәдениет ауылы, сол кездегі Орджоникидзе атындағы орта мектепте мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып істеді. Мұғалім бола жүріп, облыстық « Семей таңы»,аудандық «Шұбартау шұғыласы» газеттерінде штаттан тыс тілші болған. Мәдениет ауылдық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, ауылдық «Халық театрын» ұйымдастырушы қоғамдық жұмыстарын атқарған.
1987 жылдан 1991 жылға дейін Шұбартау аудандық кеңесінің депутаты болып сайланған.
1991 жылы отбасы жағдайымен Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Өтеген ауылына көшіп келген. 1991-2013 жылдар аралығында Өтеген ауылындағы № 8 Өтеген орта мектебінде мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Тұрғазы Мұқашұлы мектепте 1991-2004 жылдары басшылық қызмет атқара отырып, педагогикалық ұжымның әдістемелік қызметін арттыруға көп ықпал ете білді.
2013 жылға дейін осы мектепте пән мұғалімі ретінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған көптеген жұмыстар атқарды. Мектепте қазақ тілін тереңдетіп оқытудың бағдарламасын жасап, оқушылардың сауатты ұрпақ болып қалыптасуына өз үлесін қосты. Сондай-ақ «Шешендік өнер» факультативтік курсын жүргізе отырып,оқушылардың топ ішінде өз ойларын еркін айтуға, көзқарасын дәлелдей білуге баулыды. Оқушыларды өлең құрау , ақындық өнерге қызықтыра білді.Оқушыларды ақындық өнерге баулуда мұғалім өзінің білімі мен жазу өнерін пайдаланды. Өзінің және шәкірттерінің өлеңдері, мақала, рецензиялары аудандық, облыстық баспасөзде жиі жарияланды. «Халық тәлімі» газеті ұйымдастырған мұғалімдер арасындағы мүшайрада жүлделі ІІІ орын иеленді.
Ауданның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің арасында да мазмұнды баяндамалар жасай отырып, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп отыратын.
Шәкірттерінің арасынан тіл маманы және журналист мамандар да шықты.


Категория: Мерекелік іс-шаралар