» Материалы за 06.09.2019

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектепке жол

Автор: admin от 6-09-2019, 05:40, посмотрело: 68

0
Мектепке жол
Мектепке жол
[center][thumb]http://8-ko

Мектебімізде 01 тамыз бен 31 қыркүйек аралығында республикалық «Мектепке жол» акциясы жүруде.Оның мақсатты әлеуметтік жағдайы төмен,аз қамтылған, отбасы балаларына көмек қолын созу, оқушылардың оқуына мүмкіндік жасау. Осы мақсатта жалпыға бірдей міндетті оқу Заңын іске асыру үшін арнайы штаб құрылып, ықшам аудандарға жауапты мұғалімдер белгіленді. «Мектепке жол» акциясы аясында күн көрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасынан шыққан балаларды мектепке дайындауға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға жұртшылықты тарту жұмыстары жүргізілуде. Мектепке жол акциясында жалпыға білім беру қорынан 10 оқушы қамтылып, әр балаға 32.450 теңгеден берілді. Жалпы сомасы 325.450 теңге.
Атап айтқанда, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының Қордай аудандық комитеті» филиалының төрайымы Кипчакбаева К.К тамыздың 20-25 аралығында , мектебіміздің 2 оқушысына 35.000 теңгеге мектеп формасы , спорттық киім, сумка сыйлады. Жеке кәсіпкер Оңғарбаева Ш өз тарапынан 1 оқушыға мектепке қажетті кеңсе тауарларын тарту етті.
№ 8 Өтеген батыр атындағы орта мектеп ұжымы «1 сынып оқушыларына сыйлық» атты тақырыппен 1 сыныпқа қадам басқалы отырған бүлдіршіндерге оқу құралдарын тарту етті.
«Мектепке жол » акциясын жыл сайын өткізіліп отырғаны, игі істердің дәстүрлі жалғасы деп білеміз. Ол егеменді еліміздің бүгінімен ертеңі үшін қолдау көрсетіп отырған көрегенді істердің жалғасы болып табылады.

Категория: Жаңалық